Жұма, 27 желтоқсан, 09:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғайтын сенім телефоны құрылмақ

16.10.2023

980 0

Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111» бірыңғай сенім телефоны құрылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың басшылығымен өткен кеңесте балалар мен жасөспірімдер арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен қорқыту мәселелері талқыланды.

Осы тапсырманы орындау үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллингтің құрбаны болған қазақстандықтар 16 қазаннан бастап тәулік бойы «111» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына жүгіне алады.

Атап өтілгендей, қоңырау қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін тегін болады.

«Азаматтарға қажетті көмек мәтіндік диалог арқылы да беріледі. Қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға көмек көрсету үшін білікті психологтар мен заңгерлер тартылды. Бірыңғай сенім телефоны мемлекеттік шұғыл қызметтер тізбесіне 101, 102, 103 және т.б. нөмірлермен тең енгізіледі. Бұл азаматтарға ықтимал құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу арқылы жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді», – деп толықтырды министрлер кабинеті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: