Сауда және интеграция министрі 2025 жылғы 23 желтоқсандағы бұйрықпен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жаңа тізбесін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тізімге 31 тауар позициясы енгізілді:
- Бірінші сортты бидай ұнынан жасалған нан (пішінді)
- Рожки
- Қарақұмық жармасы (дән)
- Тазартылған күріш (домалақ дәнді)
- Картоп
- Асханалық сәбіз
- Басты пияз
- Ақ қауданды қырыққабат
- Қызанақ («шие», «жүзім» сорттарынан басқа)
- Қияр («корнишондар»сортынан басқа)
- Алма
- Ақ қант – құмшекер
- Күнбағыс майы
- Сүйегі бар сиыр еті
- Сүйексіз сиыр еті
- Тартылған ет
- Қой еті, оның ішінде сүйексіз
- Жылқы еті, оның ішінде сүйексіз
- Жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балық (табан, мөңке, көксерке, тұқы, сазан)
- Тауық еті (тауық жамбасы, сирағы, сан еті)
- Тауық (ұшасы)
- Майлылығы 2,2-6% пастерленген, ультра пастерленген, зарарсыздандырылған сүт дәмдік қоспалары жоқ (лактозасызды қоспағанда)
- Майлылығы 2-3 % айран (лактозасызды қоспағанда)
- Қаймақ (лактозасызды қоспағанда)
- Майлылығы 5-9% сүзбе (лактозасызды қоспағанда)
- Майлылығы 40-50% қатты, жарлытай қатты ірімшік
- Сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5%-дан 80%-ға дейін, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
- Тауық жұмыртқасы (I санатты)
- Қара шай (дәмдік қоспалары жоқ, пакеттелгендерден басқа)
- Ac тұзы («Экстра»-дан басқа)
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тізбе бойынша әрбір жеке тауар позициясы бойынша бөлшек сауда бағаларының шекті мәні белгіленеді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізудің жасалған шартында шекті сауда үстемесінің мөлшері міндетті түрде белгіленуге тиіс. Осы талапты бұза отырып жасалған мәміле жарамсыз болып табылады.
Бұйрық 2026 жылғы 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
