Ақша санау. Көрнекі фото:
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері артады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.
Атап айтқанда, құжатта 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7%-ға арттыру көзделген.
Аталған қаражат еңбекке қабілеттілікті жоғалтқан 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасын қамтиды.
Бұл мақсаттарға қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады.
Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік кодекске сәйкес Қазақстан Үкіметі еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айрылу жағдайлары бойынша төлемдердің мөлшерін жыл сайын арттырып отырады.
Ақпарат көздері: kaz.nur.kz
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!