Бейсенбі, 08 қаңтар, 20:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1, (2213)
06.01.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда алаяқтар енді банк карталарын клиенттің атынан бұғаттай бастады

07.01.2026

82 0

Фото: admmegion.ru

Қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертілді. Бұл жолы қаскөйлер банк карталарын клиенттің атынан өздері бұғаттайды. Одан кейін «көмектесу» сылтауымен байланысқа шығады. Сарапшылардың айтуынша, схеманың қауіптілігі алғашқы кезеңде банк тарапынан жасалған заңды әрекет сияқты көрініп, күдік тудырмайды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Алаяқтар банк карталарын бұғаттауды үйренген. Олар банкке қоңырау шалып, өзін карта иесі ретінде таныстырып, картаны бұғаттауды сұрайды. Ал карта иесіне қаржы ұйымынан ресми хабарлама келеді. 

Адам абдырап қалған сәтте, алаяқтар көп ұзамай қайта хабарласып, өздерін банк қауіпсіздік қызметінің немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырады.

Datastar компаниясының басқарушы директоры, QAZTECH альянсының ақпараттық қауіпсіздік комитетінің тең төрағасы Евгений Питолин алаяқтар не сұрайтынын айтып берді.

«Осы сәтте қаражатты «қорғау», жеке тұлғаны «растау», ақшаны «қауіпсіз шотқа аудару» деген желеумен бопсалау сценарийі іске қосылады. Олар сізден ресми деректерді сұрайды. PIN-кодты, картаның артқы жағындағы CVV-кодты, SMS арқылы келетін кодтарды талап етеді», – деді Евгений Питолин.

Мамандардың айтуынша, карта нөмірі, аты-жөні және адамның ЖСН-і (ИИН) болған жағдайда, қаскөйлер оның шотын қашықтан-ақ оңай бұғаттай алады. 

Киберқауіпсіздік саласының сарапшысы Калилалло Байтасов ашық қолжетімділікте реквизиттерін жариялайтын танымал тұлғалар мен ұйымдар ерекше қауіп аймағында екенін айтты.

«Бұл, мүмкін, қайырымдылық қорлары, көмек көрсету үшін қаражат жинайтын ұйымдар болуы мүмкін. Мен бірнеше YouTube-блогердің донат бағдарламасын жариялағаннан кейін, олардың электронды әмияндары бұғатталған жағдайларды білемін. Егер картаңыз бұғатталғаннан кейін «мәселе бар» деген мазмұнда қоңырау түссе, әңгімені дереу тоқтату керек. Содан кейін банктің ресми колл-орталығына өзіңіз хабарласып, жеке тұлғаңызды растап, картаны қайта ашу қажет. Сондай-ақ алаяқтық әрекет туралы міндетті түрде хабарлау маңызды», – деді киберқауіпсіздік мамандары.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: