Астанада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов былтыр медицина саласында атқарылған жұмыстарды түйіндеді, деп жазады Egemen.kz.
Бектенов баяндамасында 2024 жылы елімізде ана өлімі 11,4 пайызға, бала өлімі 6,7 пайызға азайғанын мәлім етті.
«Ауруды ерте диагностикалау үшін скринингпен қамту бір жылда 38%-ға кеңейтілді. Атап айтқанда, 2 млн 800 мың адам онкологиялық скринингтен өтті. Нәтижесінде қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткішін 3,5%-ға төмендетілді», деді Үкімет басшысы.
Премьер-министр ел ғалымдары онкологиялық ауруларды емдеуге арналған препарат жасап шығарғанын да тілге тиек етті.
Қазіргі уақытта препаратқа қатысты клиникалық сынақтардың екінші фазасы жүріп жатыр. Сынақты аяқтап, препаратты тіркеу осы жылдың соңына жоспарланған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!