Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 09:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда астық пен ұн экспортына қойылған шектеу алынып тасталды

15.09.2022

1400 0

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев 2022 жылдың 14 қыркүйегінен бастап астық пен ұн экспортына қойылған шектеулерді алып тастау туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік ауыл шаруашылығы өндірушілері бидай мен ұнды шетелге шектеусіз сата алатынын мәлімдеді.

Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бидай мен ұн экспортына квота енгізу туралы шешім бұған дейін қабылданған болатын. Алайда әлемдік нарықтағы жағдай тұрақталып, Қазақстандағы астық шығымдылығының оң болжамдарынан кейін квотаны алып тастау туралы шешім қабылданды.

Бүгінгі таңда республиканың барлық өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда. Әкімдіктердің мәліметінше, 11,3 миллион гектар астық жиналған. Бұл жоспардың 69,8 пайызын құрайды. Орташа өнімділігі 12 ц/га құрайтын 13,5 млн тонна астық жиналды. Ал 2021 жылы дәл осы күні орташа өнімділік 8,9 ц/га құраған болатын.

Еске салсақ, мәжілісте ҚР ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев астық пен ұн экспортына шектеулер екі апта ішінде енгізілетінін және ол 15 маусымға дейін жалғасатынын мәлімдеген болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: