Жұма, 19 қыркүйек, 15:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№70, 2183
16.09.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті жасанды интеллект тағайындайды

19.09.2025

47 0

Фото: freepik.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин елімізде енді атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) жасанды интеллект тағайындайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Вице-министрдің айтуынша, бұл мақсатта 90%-дан жоғары дәлдік көрсеткен Random Forest Classifier моделі қолданылып жатыр.

Бірінші кезеңде жасанды интеллекттің шешімдері әкімдіктер үшін ұсынымдық сипатта болады. Екінші кезеңде өтініштердегі фото және видеоны талдау үшін компьютерлік көру технологиясын қосу жоспарлануда.

Үшінші кезеңде жүйе қиын жағдайға тап болған отбасылар үшін жеке көмек жоспарларын құратын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: