Жұма, 27 желтоқсан, 12:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда автокөліктің мемлекеттік нөмірін кімдер тегін ала алады

17.08.2022

1229 0

Полиция елде белгілі бір санаттағы азаматтар автомобильге, автомобиль тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін бергені үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Олар:

Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған адамдар;

Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) адамдар 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған мүгедек адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедек адамның, мүгедек баланың ата-анасының бірі;

Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері бүгінгі күні автомобиль үшін 2,8 АЕК (8 576 теңге) және тіркемелер мен мотокөлік үшін 1,4 АЕК (4 288 теңге) құрайды.

Алайда, бұл салық кодексінің жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беруге арналған нормасы 001-009, 100-999, 010-090, 777, 707, 077 оның ішінде әріптік белгіленуі бірдей) қолданылмайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: