Сейсенбі, 25 қараша, 12:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда автолизинг бағдарламасы қашан іске қосылады?

25.11.2025

40 0

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Қазақстанда автолизинг бағдарламасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Үкіметте өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

10 қарашада ішкі сауда қағидалары күшіне енді. Енді бізде автолизинг арқылы жаңа көлік құралдарын рәсімдеуге мүмкіндік бар. Жеке тұлғалар үшін де, әрі қарай топтық рәсімдер үшін де, сондай-ақ қайтару қажеттілігі туған жағдайда бұл рәсім интернет формат арқылы жүзеге асады. Бұл процедура азаматтық заңнамаға сәйкес қамтамасыз етіледі. Коммерциялық шарттар мен мөлшерлемелер жеке тәртіппен белгіленетін болады. Автолизинг бағыттары да, өзге де ішкі рәсімдер де жеке тәртіппен қаралады. Сол себепті әрбір автосалон өз шарттарын ұсынады, – деп түсіндірді вице-министр.

Айтуынша, жалпы алғанда, көлік құралдарын қаржыландыру мәселесі ішкі ведомствоның құзыретіне жатады.

Бұл, ең алдымен, халыққа мүмкіндік беру, екінші кезекте – сектордың өз ішіндегі тетіктерді іске асыру болып саналады. Автосалондармен келісімдер мәселесіне қатысты біз жауап бере алмаймыз. Бұл салаға басқа құрылымдар қатысады, – деді Айдар Әбілдабеков.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: