Жұма, 02 қаңтар, 18:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100, (2212)
31.12.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда балағат сөздер мен қоқыс тастағаны үшін салынатын айыппұл мөлшері өсті

02.01.2026

48 0

Фото: istockphoto.com

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қолданылатын ақшалай санкциялар көлемі ұлғайды. Бұл айыппұлдар мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуімен байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес, АЕК мөлшері 4 325 теңгеге дейін көтерілді (2025 жылы 3 932 теңге болған). Негізгі құқық бұзушылықтар үшін жаңа айыппұл мөлшерлері:

  • Қоғамдық орындарда балағат сөз айту: Бұған дейін минималды айыппұл 20 АЕК немесе 78 640 теңгені құраса, 2026 жылы 86 500 теңгеге жетті.
  • Саябақтар мен скверлерге қоқыс тастағаны үшін бірінші ретте 10 АЕК – 43 250 теңге, ал бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 20 АЕК – 86 500 теңге айыппұл салынады.
  • Алкоголь ішу немесе мас күйде көріну: Минималды айыппұл (5 АЕК) 19 660 теңгеден 21 625 теңгеге, ал қайталанған жағдайда (10 АЕК) 43 250 теңгеге өсті.
  • Ұсақ бұзақылық: Ғимараттарды, қоғамдық орындарды немесе көліктегі мүлікті бүлдіргені үшін айыппұл енді 216 250 теңгені (50 АЕК) құрайды.

Вандализм жасағандар үшін қылмыстық жаза қарастырылған. Айыппұл мөлшері 100-ден 200 АЕК-ке дейін, яғни 432 500 теңгеден 865 000 теңгеге дейін барады. Ауырлатушы жағдайларда бұл сома 2,1 миллионнан 8,6 миллион теңгеге (500–2 000 АЕК) дейін жетуі мүмкін. Егер вандализмді кәмелетке толмаған бала жасаса, оның ата-анасына немесе қамқоршысына салынатын айыппұл 64 875 теңгені (15 АЕК) құрайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: