Сәрсенбі, 03 желтоқсан, 21:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда бет-әлпетті жабатын киімге айыппұл енгізілмек

03.12.2025

27 0

Фото:depositphotos.com

Қазақстанда қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін жабатын киімдер киюге қатысты жаңа талаптар бекітілді. Мәжілісте өткен пленарлық отырыста тиісті өзгерістер екінші оқылымда қабылданды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, енді бет-жүзді толық немесе жартылай жауып, тұлғаны тануға кедергі жасайтын киімдер киюге әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.Бірінші жағдайда ескерту жасалады.

«Қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым енгізілді. Алғашқы құқықбұзушылық үшін ескерту, қайталанған жағдайда – 10 АЕК (2025 жылы 39 320 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған», – деді Магеррамов.Қабылданған түзетулер Сенатқа жіберіледі.

Егер жоғарғы палата мақұлдаса, құжат Президентке қол қоюға бағытталады. Нақты күшіне ену мерзімі әзірге белгісіз. 2026 жылы АЕК өсуіне байланысты айыппұл көлемі 43 250 теңгеге дейін артуы мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: