Сенбі, 26 шiлде, 11:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№55, 2168
26.07.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда бет-әлпетті жабуға тыйым салынды: тыйым кімдерге қатысты

25.07.2025

135 0

фото: pexels.com

Қазақстанда 12 шілдеден бастап, қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салуды көздейтін заң күшіне енді. Қазір полицейлер заңнамадағы өзгерістерді азаматтарға түсіндіріп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Құзырлы орган өкілдерінің түсіндіруінше, заңнамаға енгізілген өзгерістердің басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде діни сенім бостандығын шектемей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамдардың тұлғасын анықтау және қоғамдық тәртіпті сақтау.

Қазір учаскелік инспекторлар бұл тыйымның кімдерге қатысты екенін азаматтарға түсіндіруде.

Полицейлердің хабарлауынша, тыйым адамның бет-жүзін толықтай жауып, тұлғасын анықтауға кедергі келтіретін киім түрлеріне қатысты. Мысалы бетперде, никаб.

Ал бет-әлпетті жаппайтын хиджаб, шейла, химар, аль-амира секілді киімдерға бұл норманың қатысы жоқ. Бұл тыйым ауа райы жағдайына, медициналық көрсеткіштерге байланысты қолданылатын киімдерге де қатысты емес.

  • Сондай-ақ бұл норма Қазақстан Республикасының заң талаптарын орындау;
  • қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерді орындау;
  • азаматтық қорғау кезінде;
  • сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысатын адамдарға қолданылмайды.

Айта кетейік, бұған дейін ҚМДБ бет-әлпетті толық жабатын киімге қоғамдық орындарда тыйым салу туралы жаңа шектеулерге қатысты мәлімдеме жасаған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: