Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда бидай мен бидай ұнын сыртқа әкетуге шектеу енгізілді

07.07.2023

1681 0

2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін Қазақстан аумағынан бидай, меслин, бидай және қара бидай ұнын әкетуге шектеу енгізілді, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті ресми сайтында. «Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 5 шілдедегі № 215 бұйрығымен Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 550 000 тонна көлемінде бидай мен меслинді және 370 000 тонна көлемінде бидай және қара бидай ұнын әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізіледі», – делінген ведомство хабарламасында. Мемлекеттік кірістер комитеті аталған шектеулер 2022 жылғы 8 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейін күшінде екенін мәлімдеді.  Ведомство бидай, меслин, бидай және қара бидай ұнын әкетуге сандық шектеулер елімізде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілгенін атап өтті. Бұл ретте комитет бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін Қазақстан және ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес, экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан аумағынан кедергісіз әкетуге жататынын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: