Сейсенбі, 24 желтоқсан, 05:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда бірнеше атом электр станциясы салынбақ

17.07.2024

531 0

Сурет: stan.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елімізде бір емес, бірнеше атом электр станциясын салу жоспарда барын айтты. Сондай-ақ министр соңғы шешім қазақстандықтардың еншісінде екенін атап өтті. Бұл туралы “КТК” арнасы хабарлайды.

Алмасадам Сәтқалиевтың айтуынша, мәселе елімізде бір ғана АЭС салуда емес, Қазақстанда атом энергетика саласының дамуында.

“Әлем бойынша атом энергетикасы энергетикалық жүктемелерді жабудың ең перспективалы түрі ретінде ұсынылған. Қазақстанда АЭС құрылысын жүргізуге болатын бірнеше тиімді учаскелер бар”, – дейді министр.

Энергетика министрлігінің мамандары мен мемлекеттік қызметкерлер қазақстандықтармен кездесіп, атом электр станциясын салудың пайдасы туралы айтып, тамыз айының соңына дейін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сол кезде референдумның өтетін уақыты да белгілі болмақ.

Бұған дейін Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның солтүстігіне, оңтүстігіне және батысына кемінде үш атом электр станциясы қажет деген еді.

Сондай-ақ министр Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты тағы бір ойын жеткізді.

“Жобаны жүзеге асыратын шетелдік компанияларды әдейі жамандайтын лоббистер тобы бар. Атом электр станциясын салу мәселесін қараған кезде эмоцияға берілмеу керек. Өйткені ядролық технологиялардың қауіпсіздік деңгейі қазір ең жоғары деңгейде”, – дейді Алмасадам Сәтқалиев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: