21 қарашада сағат 11:00-де Қазақстанның барлық аумағында дабыл жүйесі қосылып, теле-радио хабарлары бір сәтке сөнеді, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бұл шара азаматтарды «Баршаның назарына!» дабыл сигналына дұрыс әрекет етуді үйрету мақсатында өткізіледі.
«21-22 қараша аралығында Қазақстанда «Қыс-2024″ республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, ол мемлекеттік органдар мен мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесі күштерінің төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға дайындығын тексеруге бағытталған. Оқу-жаттығуға басшылықты Көкшетауда орналасқан республикалық штаб ұйымдастырды», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері.
Ведомство азаматтарды сабырлық сақтауды және дабыл оқу-жаттығу сигналы екенін есте сақтауды сұрады, ал сиреналарды қосу – тұрғындар мен қызметтердің төтенше жағдайларға дайындығын арттыру бойынша жоспарланған шаралардың бір бөлігі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!