2025 жылғы 3 маусымдағы Үкіметтің қаулысымен азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлеріне, мемлекеттік кәсіпорындар жұмысшыларына еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Құжатқа сәйкес, жалақы мөлшері денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында жұмыс істейтін мамандар үшін артады. Бұл мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, бұрын ауылдық елді мекен мәртебесінде болған, қазіргі таңда қала құрамына енген елді мекендерде орналасқан ұйымдардың қызметкерлері.
Жалақы өсімі кемінде 25%-ды құрайды. Бұл үстемақы елді мекеннің мәртебесі өзгерген сәттен бастап екі жыл бойы төленетін болады.
Қаулы 2025 жылғы 24 шілдеден бастап күшіне енеді және 2024 жылғы 10 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Айта кетейік, елдегі орташа айлық жалақы 423 мың теңгеге жетті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!