Қазақстанда демалыста күн жылынады. Еліміздің бірнеше өңірінде ауа температурасы көтерілуі мүмкін, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, 13-14 ақпанда Мәскеу аудандарындағы циклон елдің батыс және солтүстік аймақтарына ауысады. Оның келуімен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, ауа температурасының жоғарылауы, сондай-ақ, төменгі қарлы боранмен желдің күшеюі болады деп күтіледі.
«Ел аумағының қалған бөлігі жоғары қысымды алқапта болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ болады», – делінген хабарламада.
Еске салайық, 12 ақпанда Алматыда және бес өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Тұман мен көктайғақ болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!