Жексенбі, 15 ақпан, 20:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№12 (2224)
14.02.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда енді техникалық паспорт жоқ: Үй иелері үшін не өзгереді?

15.02.2026

59 0

Фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желіде тараған үйдің техпаспорты міндетті түрде ауыстырылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Әділет министрлігі техпаспорттың орнына кадастрлық паспорт енгізілгенін, бірақ тұрғындарға жаппай құжат жаңарту қажет емес екенін хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, заңнамада енді «техникалық паспорт» деген ұғым қолданылмайды. Бұл мемлекеттік қызметтерді цифрландыру аясында жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңға енгізілген өзгерістерге байланысты.

“Енді техникалық паспорттың орнына жылжымайтын мүлік нысанының кадастрлық паспорты қолданылады. Құжатта нысанның техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары, сондай-ақ жер телімі туралы мәліметтер көрсетіледі”, – делінген министрлік жауабында.

Сонымен қатар министрлік барлық меншік иелеріне құжаттарды жаппай немесе міндетті түрде ауыстыру талап етілмейтінін атап өтті.

Кадастрлық паспорт қашан рәсімделеді?

Кадастрлық паспорт мына жағдайларда рәсімделеді:

  • егер жылжымайтын мүліктің техникалық немесе сәйкестендіру сипаттамалары өзгерсе (мысалы, қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау кезінде);
  • меншік иесі деректерді нақтылау немесе жаңарту үшін өз еркімен рәсімдей алады;
  • егер үйдің нақты сипаттамалары құжаттағы мәліметтерге сәйкес келмесе, меншік иесі мемлекеттік техникалық тексеріс жүргізуге өтініш бере алады. Тексеріс нәтижесі бойынша өзгерістер енгізілген кадастрлық паспорт беріледі.

Министрлік меншік иесі ауысқанда кадастрлық паспортты қайта рәсімдеу қажет емес екенін түсіндірді. Себебі бұл құжат нысанның техникалық сипаттамаларын көрсетеді және заңды күшін сақтайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: