Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 15:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда ең төменгі және ең жоғарғы зейнетақының айырмашылығы қысқармақ

26.05.2022

1407 0

Елімізде минималды зейнетақы мен жәрдемақы стандарттары қайта қаралады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сенат депутаты Рысқали Әбдікеров министрден зейнетақы туралы сұрады. 

«Биыл сәуір айында әлеуметтік сала шығындары қосымша 4%-ға индекстелді. Онда 40-50 мың теңге көлеміндегі зейнетақы небәрі 2 мың теңгеге, ал 300-400 мың теңге көлеміндегі зейнетақы 16 мың теңгеге артты. Бұл теңсіздікті қалай төмендетуге болады? Бұл қаржы 1 млн-ға жуық халықтың минималды зейнетақысы мен табысының минималды ставкасын көтеруге қаншалықты септігін тигізеді? 

Қысқасын айтқанда, индекстеуден кейін азаматтар төлемнің артқанын сезінетіндей, әлеуметтік стандарттар әдістемесін қарастыру министрліктің жоспарында бар ма?» – деді депутат Рысқали Әбдікеров.
Тамара Дүйсенова зейнетақы және өзге де әлеуметтік аударымдарды индекстеу инфляция дәлізіне қарай бюджеттік реттілікпен жасалатынын атап өтті. 

«Ең төменгі зейнетақы, жалақы мен жәрдемақыларға қатысты пікіріңізбен толықтай келісемін. Үкіметтің қазіргі жоспары аясында минималды зейнетақыдан минималды жәрдемақыға дейінгі стандарттарды қайта қарап жатырмыз. Қазіргі уақытта біз ұлттық және халықаралық мамандарды шақырып, жұмысты бастап кеттік. Нәтижесінде жұмыс тобы құрылады деп күтудеміз. Сол топқа сізді де шақырамыз», – деді министр. 

Дүйсенова мұндай проблеманың бар екенін растады. 

«Бүгінгі таңда ең төменгі, орта және жоғары зейнетақының арасында үлкен айырмашылық пайда болды. Минималды әлеуметтік стандарттарды қайта қараудың арқасында біз бұл айырмашылықты түзейміз», – деді Дүйсенова. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: