Сәрсенбі, 30 қазан, 05:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86-2096
29.10.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда халық саны өсті

31.05.2022

1166 0

Қазақстан халқының саны бір жылда 1,3%-ға өсіп, 2022 жылдың басында 19,12 млн адам болды. Оның 9,84 миллионы – әйелдер, 9,29 миллионы – ерлер, деп хабарлайды Egemen.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Халықтың жалпы санындағы әйелдердің үлесі жыл басында 51,44%-ды құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 51,48%, бес жыл бұрын – 51,62%, он жыл бұрын – 51,77% болған еді. Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша халық саны 19,18 миллион адамға жетті. Оның ішінде 9,31 миллионы – ерлер, 9,86 миллионы – әйелдер. Әйелдердің үлесі тағы да 51,43%-ға дейін азайды.

Жалпы әйелдердің үлесі ерлерге қарағанда біршама жоғары болғанымен, жылдан жылға азайып келеді және бұл үрдіс тұрақты. Соңғы 5 жылда әйелдер санының орташа жылдық өсімі 1,2% болса, ерлер санының өсімі 1,4%-құрап отыр. Алайда, әйелдердің ерлердің басымдығына қарамастан, жалпы көрсеткіште жас бойынша бөлінуі мүлдем басқаша көрінеді.

Осылайша ҚР-дағы 14 пен 28 жас аралығындағы жас әйелдер саны бір жылда 0,1%-ға азайып, биыл жыл басында 1,83 млн адамға жетті. Бұл ретте жас жігіттердің саны, керісінше, 0,1%-ға өсіп, 1,92 млн адам болды. Бұл динамика да тұрақты. Нәтижесінде 2022 жылдың басында жастардың жалпы санындағы жас әйелдердің үлесі небәрі 48,87% болды, яғни жартысынан да аз.

Қыздардың үлесі жылдан-жылға азайып келеді. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 48,92%-ға, бес жыл бұрын 49,5%-ға, одан он жыл бұрын 49,88%-ға жеткен. Осылайша «статистика мәліметтері бойынша 10 қызға 9 жігіттен келеді» деген ескірген кеңестік стереотиптің Қазақстанға мүлдем қатысы жоқ.

Статистика мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда ұлдарға қарағанда қыздар айтарлықтай аз: 2021 жылы 216,2 мың қыз дүниеге келсе, ұлдардардың саны 230,3 мың болған. Қыздардың үлесі – 48,4 %. Ал ең «неке» жасындағы (28 жасқа дейін) жастардың арасында 1000 жігітке 956 қыздан келеді. Алшақтық жылдан-жылға артып, қыздардың саны азайып барады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: