Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 12:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда ипотеканы төлеу мерзімін 35 жылға дейін ұзартуды ұсынылды

24.12.2022

636 0

Қазақстанда пәтерге қол жеткізу қиын. Сала мамандары тұрғын үймен қамтуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың көбін қайта қарау керек деген пікірде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Өйткені үстемақысы қымбат, пәтерге мұқтаждардың қалтасы көтермейді әрі бағдарламаға ілігу де өте қиын.

Қазақстан құрылысшылары ел тұрғындарының бәрі бірдей баспаналы болатынына сенімсіз. Үйдің құны шарықтап, күнкөріс деңгейі төмендей берсе, алдағы уақытта баспанаға қол жеткізу тіпті қиындауы мүмкін.

Мысалы, дәнекерлеушіге, көше сыпырып жүрген адамға тиімді қандай бағдарлама бар? Бірден айтайын, айлығы шайлығына жетпей жүрген қарапайым халық бастапқы жарна жинауға қиналады. Үйдің 20 пайызын, 50 пайызын жинаймын дегенше, үй бағасы өсіп кетеді. Мысалы, «Отбасы банкте» жинап жатыр. Енді жинаймын десе, 15 миллионға тұрған үйі, бір жылдан, екі жылдан кейін 25 миллион болады», – дейді баспана сарапшысы Дүйсен Оспанов.

Қазір баспанаға мұқтаж жандардың жартысынан көбі бірде-бір бағдарламаларға іліге алмайды. Өйткені бәрінің мойнында кредиті бар. Сондықтан мамандар салымшы арасында кең таралған «7-20-25» бағдарламасының алгоритмін өзгертуді ұсынып отыр. Өйткені қазір 20 миллионға бір бөлмелі ғана пәтер тиеді. Оның жөндеу жұмысы тағы бар. Сәйкесінше, беретін сома көбейтіліп, несие төлеу жылы да 35 жылға дейін ұзартылсын дейді.

Құрылыс материалдарының жартысынан астамы шетелден жеткізіледі. Отандық кәсіпорындар, басқасын айтпағанда, ішкі нарықты цемент, тас, кірпішпен толық қамти алмай отыр.

Әлемдегі геосаяси жағдайда тасымалға кері әсер еткен. Бұның салдары баға тұрақсыздығына әкеп жатыр.

«Ауылдан келіп, өндірісте істеп жатқан, қара жұмыс істейтін, құрылыста істеп жатқан жастар көп. Олар бірде-бір бағдарламаға ілікпейді. Олар қайдан қара жұмысқа барады? Қазір жастар мына аязда кірпіш қалап, бетон құйып жатыр. Ешбір бағдарламаға ілінбейді», – дейді Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: