Жұма, 23 қаңтар, 14:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5 (2217)
21.01.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда ірі деректер базасын биометриямен қорғау міндеттеледі

23.01.2026

62 0

Фото: shutterstock, freepik

2025 жылы 22 желтоқсаннан бастап Қазақстанда дербес деректерді қорғау ережелері жаңартылды. Енді 100 мыңнан астам жазбалары бар база иелері мен операторлар пайдаланушылардың биометриялық сәйкестендіруін қамтитын көп факторлы аутентификацияны қолдануға міндетті, – деп хабарлайды  kursiv.media

Жасанды интеллект вице-министрі Досжан Мұсалиевтің айтуынша, өзгерістер «пайдаланушыларды сәйкестендіруге және рұқсатсыз кіру тәуекелдерін, соның ішінде басқа біреудің логині мен паролімен кіру әрекеттерін азайтуға» бағытталған.

Шектеулі деректерге заңмен қорғалған мәліметтер: жеке, отбасылық, салықтық, банктік және коммерциялық құпия, сондай-ақ медициналық деректер және өзге де құпия мәліметтер жатады.

«Бұл қауіпті жағдайды анықтауға және деректердің сенімді қорғалғанына көз жеткізуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Ақпараттық қауіпсіздік комитеті.

Сонымен қатар мемлекеттік және маңызды цифрлық жүйелерді тексеру ережелері өзгертілді. Енді барлық ақпараттандыру нысандары үш жыл сайын киберқауіпсіздік сынақтарынан өтуі керек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: