Сәрсенбі, 27 қараша, 09:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда карантин режимі жеңілдетіледі

25.08.2021

1500 0

Бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ВАК карантиндік режимді жеңілдету бойынша бірқатар шешімді мақұлдады:

1. Ағымдағы жылдың 28 тамызынан бастап рұқсат беріледі:

Аshyq жобасына қатысатын барлық бизнес нысандарына демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшыларына – Ashyq қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін рұқсат беріледі. 

сенбі күні – қоғамдық көлік қызметіне.

2. Биылғы 30 тамыздан бастап жұмыс күндері:

Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес нысандарының жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, Ashyq жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылатын болады.

Айта кетсек, Алматы қаласында карантиндік шектеулер кешірек жүзеге асады. 

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантиндік іс-шаралардың жеңілдетілуін осы жылдың 4 қыркүйегінен бастап демалыс күндері, ал жұмыс күндері 6 қыркүйектен бастап енгізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, ВАК-та жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды.

Премьер-министрдің орынбасары ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін орындау үшін мынадай тапсырма берді:

  • медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакцинациялауды аяқтау;
  • санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;
  • педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында «ASHYQ» жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;
  • білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
  • мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.

ВАК отырысында премьер-министрдің орынбасары басқа да бірқатар тапсырмалар берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: