Қазақстанда көліктер өткізу пункттерінен шамамен 10 минутта өтетін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында мәлімдеді.
Айтуынша, салаларды цифрлық трансформациялау нәтижесі автожолдардың өткізу қабілетін 20 пайызға арттырады.
Өткізу пункттерінен автокөлікпен өту мерзімдері шамамен 10 минутты құрайтын болады. Жасанды интеллект технологиясын енгізу арқылы пойыздарды құру және жоспарлау уақытын 6 есеге төмендетеді. Әуежайларда жүктерді өңдеуді 1 сағатқа дейін қысқартады, – деп атап өтті ведомство басшысы.
Сонымен қатар министр белгіленген бағыттар бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын алға тартты. Сонымен қоса ол негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдау көлеміне оң әсерін береді деп отыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
