Сәрсенбі, 12 қараша, 19:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда креативті индустрияны қолдау күшейеді

12.11.2025

54 0

Фото: ruh.kz

Мәжіліс креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері жөніндегі түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттар бастамашы болған заң жобасында креативті индустрия қызметкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі нормалар қарастырылған. “Креативті индустрия қызметкері” және “креативті индустрия субъектілерінің тізілімі” сынды жаңа ұғымдар енгізіледі.

Мәдениет және ақпарат министрлігі креативті сектор жобаларына жеке инвестиция тартуды мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ креативті индустриялар субъектілерінің бірыңғай тізілімін құру өкілеттіктеріне ие болады.

Өз кезегінде әкімдіктерге кәсіпкерлікті дамыту арқылы тиімді еңбек етіп, таланттарды дамытуға және өзін-өзі танытуға жағдай жасау міндеттері жүктеледі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда креативті индустрия саласында 143 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Ішкі жалпы өнімдегі креативті экономиканың үлесі шамамен 1 пайыз, ол 2017 жылдан бері үш еседен артық ұлғайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: