Жұма, 26 желтоқсан, 20:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№98 (2210)
23.12.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда метеорологиялық зымыранды ұшыру кейінге қалдырылды

26.12.2025

59 0

Фото Depositphotos.com

Қазақстанда отандық зымыран-тасығыштарды әзірлеуге дайындық және ғарыш аппараттарын орбитаға шығару технологияларын сынақтан өткізу аясында жоспарланған метеорологиялық зымыранды ұшыру кейінге қалдырылды. Бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев метеорологиялық зымыранды ұшыру 2025 жылға жоспарланғанын хабарлаған болатын. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұшыруды кейінге қалдыру туралы шешім жүргізілген сынақтардың нәтижесіне байланысты қабылданды. Сынақтар барлық жүйелердің сенімділігін растау және болашақта ұшырудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша тексерулер қажет екенін көрсетті. Қосымша сынақтар ғылыми институттармен бірлесіп жүргізіледі.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Мәлік Олжабековтің айтуынша, негізгі әзірлемелердің барлығы, оның ішінде қозғалтқыш қондырғылары мен арнайы жүйелерді мамандар кезең-кезеңмен тексерген.

«Біз метеорологиялық зымыранға бірқатар сынақ жүргізіп, барлық жүйелер бойынша қосымша тесттерді аяқтау үшін ұшыруды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдадық. Қазіргі уақытта нақты күнді әріптестерімізбен талқылап жатырмыз және шамамен қаңтар айында хабарлауды жоспарлап отырмыз. Біз үшін басты басымдық қауіпсіздік», – деді вице-министр Астанада өткен конференцияда.

Метеорологиялық зымыран  отандық әзірлеме. Отын қоспалары, қозғалтқыштар және негізгі жүйелерді бірнеше ғылыми институт бірлесіп жасауда. Жобаға ғарыштық технологиялар саласындағы ұлттық компания, сондай-ақ тиісті құзыретке ие жеке ұйымдар қатысып отыр.

Алғашқы ұшыру технологиялардың кең ауқымда қолдануға дайын екенін тексеруге мүмкіндік береді және бұл кезең шағын метеорологиялық зымыраннан ірі зымыран-тасығыштарға өтудің эволюциялық қадамы ретінде қарастырылады. Мамандар қозғалтқышты, басқару жүйесін және телеметрияны сынақтан өткізеді. Осыдан кейін келесі кезең жеңіл класты зымыранды әзірлеу басталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: