Дүйсенбі, 26 қаңтар, 19:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№6 (2218)
24.01.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда микроқаржылық және коллекторлық ұйымдарға жаңа талаптар енгізілмек

26.01.2026

53 0

Фото: freepik

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Микроқаржылық және коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым қызметін жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы» жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба микроқаржылық және коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың бюджетін құру талаптарын, ұйым жетекшілері туралы ақпаратты, сондай-ақ тіркелімнен шығарылған ұйымның қызметі барысында жинаған құжаттары мен мәліметтерін басқа өзін-өзі реттейтін ұйымға немесе қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау органы өкілетті органы арқылы тапсыру тәртібін анықтайды.

Агенттік түсіндіргендей, жоба мына мақсаттарды көздейді:

  • Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың бюджетін құру талаптарын бекіту және олардың өз функцияларын орындау қабілетін қамтамасыз ету;
  • Ұйым жетекшілері туралы ақпаратты өкілетті органға ұсынуға біркелкі талаптар енгізу;
  • Тіркелімнен шығарылған жағдайда микроқаржылық және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттеу функцияларының үздіксіз орындалуын қамтамасыз ету.

Ережелер 2026 жылғы наурызда бекітілуі жоспарланған.

Құжат «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» сайтында 2026 жылғы 9 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға жарияланған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: