Сенатта өткен Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елді мекендерді су басу қаупі туралы айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрі су тасқынына дайындық барысы туралы баяндады.
– Бүгінде республикада су тасқыны қаупі бар аймақтарда 1 223 елді мекен бар. Министрлік үйлестіруші орган ретінде ықтимал су тасқынына инфрақұрылымды дайындау бойынша жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істейді, – деді министр.
Министр төтенше жағдайлардың алдын алудың негізгі шаралары орталық және жергілікті атқарушы органдарға жүктелетінін атап өтті.
– Республикалық және өңірлік бағдарламалық құжаттар аясында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Айта кету керек, бұл шараларды жүзеге асыру су басу қаупін барынша азайтып, елді мекендерді су басу қаупінен қорғауды қамтамасыз етеді. Су тасқыны аяқталғаннан кейін аймақтарда профилактикалық және инженерлік-техникалық жұмыстар басталды, олардың жергілікті деңгейде орындалу барысын министрліктің бөлімшелері үйлестірді. Мемлекеттік аппарат инспекторларының қатысуымен де бірнеше рет тексерулер жүргізілді, – деп түйіндеді спикер.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!