Дүйсенбі, 18 қараша, 11:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі төмендейді

10.03.2023

832 0

Қазақстанда тұтынушылық несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 8 пайызға төмендейді. Қоғамдық талқылауға ұсынылған жоба “Ашық НҚА” порталында жарияланды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл өзгеріс сыйақының шекті жылдық тиімді мөлшерлемесін төмендету мақсатында қабылданбақ. Бұйрыққа сай екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банк қарыздары бойынша – кепілсіз банк қарыздарын 44 пайызға, кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздарын 40 пайызға төмендетеді. Сонымен қатар ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша 25 пайыз, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер 44 пайыз болып бекітілмек. 

“Банк қарызы шартын, микрокредит беру туралы шартты жасау, банк қарызын берумен және қызмет көрсетумен байланысты банк қарызы, микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгерген және (немесе) комиссиялар мен өзге төлемдер өзгерген немесе жаңадан енгізілген күні сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі осы тармақта бекітілген шекті мөлшерден асып кете алмайды”, – делінген құжатта.

Айта кетейік, бұған дейін кепілсіз банк қарыздары мен микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттердің мөлшерлемесі 56 пайыз еді. Жоба 29 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: