Бейсенбі, 19 желтоқсан, 06:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99 (2109)
14.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда пәтер жалдау құны төмендеді

28.10.2022

755 0

20 – 27 қазан аралығында Қазақстанның 12 қаласында пәтер жалдау бағасы төмендеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Krisha.kz аналитикалық қызметіне сілтеме жасап.

Бір аптада Ақтөбеде пәтерді жалдау айтарлықтай арзандады. Пәтерлер бағасы 8,5%-ға төмендеген. Ал Алматыда 4,76%-ға, Астанада 4,8%-ға және Оралда 7,2%-ға арзандай түсті.

Шымкент және Өскеменде баға өзгерген жоқ, Таразда 2,4%-ға пәтер жалдау құны өскен.

Бұл жолы бағалардың төмендеу динамикасы алдыңғы аптаға қарағанда нәтижелі. 

Алматыдағы жалдау бағасы салыстырмалы түрде төмендесе де, пәтер жалдау бағасы бәрінен жоғары. Мұнда 1 бөлмелі пәтерді жалдау бағасы орташа есеппен 270 мың, 2 бөлмелі пәтер 450 мыңға тең. Қымбатшылықтан екінші орында тұрған – Астана қаласы. Мұнда бір бөлмелі пәтерді 200 мыңға, екі бөлмелі пәтерді 300 мыңға жалдауға болады.

Ақтөбе және Орал қалаларында бір бөлмелі пәтерді жалдауға 150 мың, екі бөлмелі пәтерге 180-195 мың теңге керек. Ең төменгі көрсеткіш Шымкент қаласында, мұнда бір бөлмелі пәтерді 100 мыңға, екі бөлмелі пәтерді 160 мыңға жалдай аласыз.

Сонымен қатар, қыркүйектің басымен салыстырғанда ҚР-да жалдау мөлшерлемелері орта есеппен 26% – ға өсті.

Ресейліктердің келуіне байланысты жалдау нарығында туындаған дүрбелең азая бастады. Алайда қыркүйек айының басымен салыстырғанда жалдамалы тұрғын үй бағасы әлі де жоғары.
Жалдау мөлшерлемелері орта есеппен 26%-ға өскен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: