Жексенбі, 07 желтоқсан, 12:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 (2205)
06.12.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда петицияда көтеруге болмайтын тақырыптардың тізімі бекітілді

07.12.2025

56 0

Фото: Stan.kz

Елімізде петицияда көтерілмейтін тақырыптардың тізімі жарияланды. Бұдан былай азаматтар арнайы платформада қоғамға қауіп төндіретін және заңға қайшы келетін мәселелерге қол жинай алмайды. Жазбаша үндеуді бақылауға алатын жаңа заң жобасын мәжіліс депутаттары таныстырды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Петиция жариялауға тыйым салынатын тақырыптар қатарына жеке және заңды тұлғалардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді бұзуға әкелуі мүмкін мәселелер кіреді. Амнистия, соғыс, зорлық-зомбылық, нәсілдік немесе діни араздықты, экстремизм мен сепаратизмді қоздыру және өзге де дұшпандық әрекеттер, есірткі құралдарын тарату немесе насихаттаудың кез келген түрі бойынша да қол жинауға болмайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: