Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда қай жастағы балалар пойызбен тегін жүре алады

01.06.2023

1229 0

«Жолаушылар тасымалы» АҚ балаларға пойызға билет алу тәртібін түсіндірді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

ҚТЖ мәліметінше, 7 жасқа жетпеген балалар үшін пойызға міну ақысы тегін, алайда оған бөлек орын қарастырылмайды. Егер Өзіне бөлек орын беру үшін балалар билетін алу қажет. Егер 7 жасқа дейінгі балалар саны екі немесе одан көп болса балаларға арналған билет алу қажет болады. 7-15 жас аралығындағы балалар билетіне ересектер билеті құнының 50 пайызы көлемінде жеңілдіктер бар. 15 жастан жоғары балаларға ересек адамдармен бірдей бағада билет алынады. Балалар билетін алу үшін қандай құжаттар қажет? Балаға билет алу үшін жеке басын куәландыратын құжат баланың туу туралы куәлігі немесе паспорты керек болады. Баланың туу туралы куәлігі немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі билетпен бірге жолсерікке пойызға мінер алдында беріледі. Баланың жалғыз өзін пойызбен қалай жіберуге болады? 15 жасқа дейінгі балалар тек ересектермен бірге ғана пойызға отыра алады. Егер бала пойызда оның заңды өкілі болып табылмайтын адаммен бірге баратын болса, онда сол адамның баланы ертіп жүруіне рұқсат етілгені нотариалды куәландырылған сенімхат керек болады. 15 жастан асқан балалар пойызда өзінің ата-анасы, яғни заңды өкілінің атынан оның жалғыз жүруіне рұқсат етілгені нотариалды куәландырылған сенімхат болған жағдайда өзі саяхатқа шыға алады. Ал жолаушылар пойызына отырғызғанда немесе жолда баланың қасында заңды өкілі бірге болған жағдайда сенімхат көрсету талап етілмейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: