Сейсенбі, 14 қазан, 14:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда қаржылық сауатты анықтауға арналған тест өтіп жатыр

14.10.2025

146 0

Фото: istockphoto.com

Республикалық FinIQ қаржылық сауат деңгейін анықтауға арналған тесттен өтуге 328 мыңнан астам өтінім тіркелген. Қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдастырған тестті төрт күннің ішінде 185 096 қатысушы тапсырған, деп жазады Egemen.kz.

Онда «дроп» деген кім, «қаржылық пирамидадан қалай сақтану керек» деген негізгі түсініктермен қатар жеке деректер, банк өнімдері мен онлайн төлемдердің қауіпсіздігіне қатысты 20 сұрақ топтастырылған. Ол мектеп оқушыларына, колледж және жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған әртүрлі деңгейлерді қамтиды. Тестті 15-20 минут ішінде кез келген құрылғыдан тапсыруға болады. 

ҚМА дерегінше, қазір тестті Түркістан, ШҚО облыстары мен Шымкент қаласының тұрғындары белсенді тапсырып жатыр. 

«Мұғалімдер оны сабақ барысында өткізсе, университеттер факультетаралық жарыстар ұйымдастырды. Әлеуметтік желілерде қатысушылар #FinIQ хэштегімен өз нәтижелерімен бөлісіп, достарын «қаржылық иммунитетін тексеруге» шақырып жатыр. Тест нәтижесінде әрбір қатысушы диплом мен сертификатқа ие болады, ал қысқа уақытта ең жоғары баллға ие болғандар бағалы сыйлықтармен марапатталады», делінген агенттік хабарламасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: