Сәрсенбі, 22 қазан, 23:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда салық декларацияларын тапсыру тәжірибесі алдағы жылдары жойылады

22.10.2025

56 0

Фото: freepik.com

Қазақстанда халықтың табысын декларациялау жүйесінен бас тарту мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, жаңа Салық кодексінде декларацияны алдын ала автоматты түрде толтыру режимі енгізіледі. Бұл жүйеде декларация деректері кассалық аппараттар мен басқа да ақпараттық көздерден алынған мәліметтер негізінде автоматты түрде жасалады.

«Жалпы, алдағы бес жылда табыс декларациясын өз бетінше тапсыру жүйесі біртіндеп жойылуы мүмкін. Себебі қазір қаржы айналымы толықтай ашық. Төлемдердің барлығын көріп отырмыз. Алушылар мен табыс иелері туралы деректер бізге беріледі. Басқа мемлекеттік органдардан да табыс жөнінде ақпарат түседі. Сондықтан декларацияны өз қолымен тапсыру жүйесі бірте-бірте тарих қойнауына кетуі әбден мүмкін», – деді вице-министр.

Оның айтуынша, декларацияларды алдын ала автоматты түрде толтыру жүйесі осы бағыттағы алғашқы қадам болмақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: