Жұма, 27 наурыз, 22:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№21 (2232)
22.03.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда салық декларациясын тапсыру тетігі толық жойылуы мүмкін

27.03.2026

48 0

Фото: shutterstock

Қазақстанда әр азамат туралы мәліметті біріктіретін Smart Data Finance жүйесі жұмысын бастады. Қаржы вице-министрі Әсет Тұрсыновтың айтуынша, егер жоба тиімділігін дәлелдесе, қазақстандықтар болашақта салық декларациясын мүлде тапсырмауы мүмкін, – деп хабарлайды  kursiv.media

Әр азамат бойынша дерек дайын

Тұрсыновтың сөзінше, бұған дейін азаматтар активтері туралы мәліметті өздері жинап, декларация толтырып, салық органдарына тапсыратын. Енді бұл процесті жүйе автоматты түрде орындайды және пайдаланушыдан тек растау күтіледі.

«Азамат жеке кабинетінде қандай деректер бар екенін ашық көріп, салық есептеулері қалай жүргізілгенін түсінуі тиіс», – деді ол.

Smart Data Finance деректерді өздігінен жинақтап, салықты есептеп, алдын ала дайын декларацияны қалыптастырады. Вице-министрдің айтуынша, бұл – азаматтар көп жылдан бері көтеріп келген мәселе.

«Бұрын әрдайым сұрақ туындайтын: мемлекетте бар мәліметті неге қайтадан декларация арқылы растауым керек?» – деп түсіндірді Тұрсынов.

Декларация толық жойылуы мүмкін

Вице-министр жобаның нәтижесі оң болса, декларация тапсыру қажеттілігі мүлде жойылуы ықтимал екенін айтты.

«Мемлекет басшысы салықтық әкімшілендіруді толық цифрландыру міндетін қойды. Болашақта азамат жеке кабинетке кіріп, барлық ақпаратты көріп, салықтың қалай есептелгенін түсініп, ашық түрде өзара әрекеттесетін жүйеге көшеміз», – деді ол.

Деректер қауіпсіздігі қамтамасыз етілген

Тұрсынов жүйе ақпараттық қауіпсіздік бойынша ресми сынақтардан өткенін атап өтті. Салық төлеушінің толық профиліне қолжетімділік қатаң шектелген.

«Бұл Big Data баршаға қолжетімді емес. Қауіпсіздік талаптары толық сақталған», – деді вице-министр.

Smart Data Finance жайлы

Жүйе қазірдің өзінде 70-тен астам дереккөз бен ақпараттық базаны біріктіріп отыр. Соның негізінде салық төлеушінің цифрлық профилі қалыптасады.

Бұл профильге мүлік, бизнес, салықтар, мемлекеттік сатып алуларға қатысу, мемлекеттік қолдау шаралары және кадрлық көрсеткіштер туралы мәліметтер кіреді.

Қазіргі таңда жүйеде 1,9 млн жеке кәсіпкер, 584 мың заңды тұлға және 20,4 млн жеке тұлға бойынша досье жасалған.

Еске салсақ, Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан жаңа Салық кодексі қабылданып, бұрын қолданыста болған жеті бірдей арнаулы салық режимінің (АСР) қатары үшке дейін қысқарды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: