Сәрсенбі, 04 ақпан, 12:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9 (2221)
03.02.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда шұжық арзандап жатыр

04.02.2026

70 0

Фото: kursiv.media

Моңғолиядан арзан жылқы еті импортының артуы Қазақстанда шұжық бағасының арзандауына әсер етіп отыр. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова мәлімдеді, – деп хабарлайды  kursiv.media

Қаңтар айының соңында Қазақстан жылқы еті импортын шамамен екі есеге арттырғаны белгілі болды. Әсіресе, Моңғолиядан әкелінген ет көлемі бір жылда 3,5 есе өскен.

Вице-министрдің айтуынша, қазақстандық кәсіпорындар шұжық өндіру үшін Моңғолиядан мұздатылған блок түріндегі жылқы етін сатып алады. Бұл дайын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

«Олар жылқы етін неге сол елден сатып алады? Себебі ол жақта арзан. Соған сәйкес, шұжықтың да бағасы төмендейді. Тұтынушы ретінде бұл біз үшін тиімді, өйткені бағаға тікелей әсер етеді. Әрине, бұл мәселені отандық жылқы еті өндірушілерінің мүддесі тұрғысынан да қарастыру қажет. Дегенмен елімізде өндірілетін жылқы еті негізінен ішкі нарықта тұтынылады. Сонымен қатар экспортқа қатысты ауқымды жоспарларымыз бар. Сондықтан импорттың белгілі бір көлемі сақталуы тиіс. Бұл бәсекелестікті арттырып, дайын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді», – дейді вице-министр.

Сонымен қатар Кушукова елде жыл сайын 180 мың тоннаға жуық жылқы еті өндірілетінін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі импорт көлемі ішкі нарыққа кері әсер етіп отырған жоқ. Дегенмен, импорттың өсу үрдісі сақталса, министрлік қосымша реттеу шараларын қабылдауы мүмкін. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: