Сурет: Stan.kz
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидулла Азидуллин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте су тасқыны болуы мүмкін қауіпті аймақтарды атады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қату тереңдігін қарастыра отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын ала баға берілді”, – деді Ғалидулла Азидуллин
Вице-министр қауіпті аймақтарды екі топқа бөлінгенін хабарлады.
Жоғары қауіп: Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстары.
Орташа қауіп: Павлодар, Ұлытау, Маңғыстау және Қызылорда облыстары.
«Синоптиктер су тасқыны кезеңіне алдын ала болжамды 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 4 ақпанда шығарды, одан әрі су тасқыны кезеңіне негізгі болжамын 5 наурызға дейін ұсынады. Наурыз айынан бастап гидрологиялық болжамын апта сайын хабарлайды. “Қазгидромет” ауа райы күрт өзгерген жағдайда 2-3 тәулік бұрын су тасқыны қаупі туындауы жайлы дауылды ескертулерді алдын ала хабарлайды”, – деді Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидулла Азидуллин.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!