Жұма, 15 қараша, 10:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда Тәуелсіздік күніндегі демалыс күндері қысқарды

30.09.2022

1133 0

Қазақстанда Тәуелсіздік күні енді бір күн – 16 желтоқсанда тойланады. Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы жаңартылған заң жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жарияланған құжатқа сәйкес, енді Тәуелсіздік күні 16 желтоқсанда бір күн ғана тойланады (бұрынғы редакцияда – 16-17 желтоқсан).

Сондай-ақ, 25 қазанда мемлекеттік мереке – Республика күні атап өтіледі.

«Осыған байланысты мереке күндері жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында қаулыны толықтыру ұсынылады, онда демалыс күнін 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру жоспарланған», – делінген заң жобасында.

Осылайша, 22 қазан, сенбі жұмыс күні болып, Республика күні қазақстандықтар 3 күн демалады: 23, 24 және 25 қазан.

Сондай-ақ, Қазақстанда Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылды. Сәйкесінше, 1 желтоқсанда қазақстандықтар жұмыс істейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: