Жұма, 03 сәуiр, 17:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23 (2235)
31.03.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда тағы қандай мемлекеттік қызметтер онлайн форматқа көшірілуі мүмкін

03.04.2026

31 0

Фото: Zakon.kz/ Оксана Даирова

2026 жылғы 3 сәуірде Сенат кулуарында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қандай мемлекеттік қызметтер онлайн форматқа көшірілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, ХҚКО-ларда ең көп сұранысқа ие топ-10 қызметті толықтай онлайн форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде.

«Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу – бұл қызметті офлайн форматта көрсетуге толық тыйым салдық. Сонымен қатар жүргізуші куәлігін алу және оны қайта рәсімдеу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу қызметтері онлайн форматқа көшірілді. Жылжымайтын мүлікті және жер учаскелеріне құқықтарды тіркеу де кезең-кезеңімен онлайн форматқа ауыстырылады. Бұл жұмысты осы жартыжылдықта аяқтауды жоспарлап отырмыз», – деді министр.

Сондай-ақ, мерзімі өткен жүргізуші куәлігін қайда және қалай ауыстыруға болатыны туралы ақпаратты бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: