Сейсенбі, 06 қаңтар, 20:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1, (2213)
06.01.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда темекі қымбаттады

05.01.2026

64 0

Фото: unsplash

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі, папирос және қыздырылатын темекі өнімдеріне арналған жаңа ең төменгі бөлшек сауда бағалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап фильтрлі және фильтрсіз 20 дана темекіге, папиросқа, сигариллаға және қыздырылатын темекі өнімдеріне арналған ең төменгі бөлшек сауда бағасы 970 теңгені құрады.

2025 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін бұл өнімдердің ең төменгі бағасы 920 теңге болған.

Сонымен қатар, Жаңа Салық кодексіне сәйкес, 2026 жылдан бастап акцизделетін тауарларға қолданылатын барлық қолданыстағы акциз мөлшерлемелері 10%-ға ұлғаяды.

Бұл өзгеріс темекіге, алкогольге, мұнай өнімдеріне және басқа да санаттарға қатысты.

Атап айтқанда, темекі және темекі өнімдеріне арналған акциз мөлшерлемелері (1000 дана сигаретке шаққанда) төмендегідей кезең-кезеңімен өседі:

  • 2026 жылдан бастап – 18 051 теңге;
  • 2027 жылдан бастап – 21 163 теңге;
  • 2028 жылдан бастап – 21 880 теңге;
  • 2029 жылдан бастап – 23 279 теңге;
  • 2030 жылдан бастап және одан кейін – 25 607 теңге.

Аталған бұйрық 2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: