Сейсенбі, 03 маусым, 23:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 -2154
03.06.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда туу көрсеткіші бойынша антирекорд тіркелді

14.05.2025

418 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

2025 жылдың қаңтары мен наурыз айлары аралығында елде 77,3 мың сәби дүниеге келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға аз, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бұл көрсеткіш 2014 жылдың бірінші тоқсанынан бері ең төменгі деңгей.

Туу көрсеткішінің төмендеуі елдің барлық өңірінде байқалды. Антирекорд Ақмола облысында (-22%) және Жетісу облысында (-20,1%) тіркелді.

Жалпы туу коэффициенті (әр 1 мың адамға шаққанда) де төмендеді – 15,39, бұл -2,94 көрсеткішке азайғанын білдіреді.

Қайтыс болғандар саны да аздап қысқарып, 31 мың адамды құрады (7,2%-ға төмендеген). Алайда табиғи өсім (туылғандар мен қайтыс болғандар арасындағы айырма) да 20,7%-ға азайып, 46,3 мың адам болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: