Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық Жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп, 2026 жылдың 6–30 сәуір аралығында белгілі бір төлем түрлерін алуға арналған шоттардан тыйымдарды алып тастау жөніндегі науқанды іске қосты, – деп хабарлайды KAZINFORM
Тыйымдар келесі шот түрлерінен алынады:
– жалақыға арналған шоттар;
– алимент төлеуге арналған шоттар;
– зейнетақы төлемдері шоттары;
– мемлекеттік жәрдемақыларға арналған шоттар.
Азаматтар осы науқанға қатысу үшін Adilet.gov мобильдік қосымшасында тіркеліп, жеке сот орындаушысына шоттардан тыйымды алып тастау туралы өтініш беруі қажет. Содан кейін тиісті құжаттар ұсынылуы міндетті, мысалы, жалақы түсетін шот туралы жұмыс орнынан анықтама немесе зейнетақы шоты екенін растайтын құжат.
Әділет министрлігі атап өткендей, шоттардан тыйымдарды алып тастау азаматтарды атқарушылық құжаттар бойынша міндеттемелерден, соның ішінде өндіріп алу, айыппұл төлеу сияқты талаптардан босатпайды. Бұл шара тек төлемдерге арналған шоттардың бұғатталуын жоюға бағытталған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
