Бейсенбі, 02 сәуiр, 12:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23 (2235)
31.03.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

02.04.2026

45 0

Фото: akorda.kz

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының 2026 жылғы 26 наурыздағы бұйрығымен «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған ҚР Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Президент Жарлығын орындауды бақылауды бекіту құжаты мақұлданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта бірқатар іс-шаралар көзделген.

Атап айтқанда:

  • «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасын дайындау – 2026 жылғы 30 сәуірге дейін;
  • «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасын әзірлеу – 2026 жылғы 30 сәуірге дейін;
  • «Қазақстан Республикасының астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын дайындау – 30 сәуірге дейін;
  • «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Конституциялық заң жобасын әзірлеу – 30 сәуірге дейін.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметіне, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға 2026 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді Конституция талаптарына сәйкестендіру бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Үкіметке бұдан бөлек 2026 жылғы 7 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының Конституциясын ілгерілету жөніндегі жоспарды бекіту міндеттелді.

Құжатта құрылымдық бөлімшелерге бекітілген тапсырмалардың уақытылы әрі толық орындалуын қамтамасыз ету жүктелген.

Аталған бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда «Астананың мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы әзірленгені хабарланған болатын.

Жаңа Конституцияның мәтіні 2026 жылғы 18 наурызда ресми түрде жарияланған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: