Сейсенбі, 09 желтоқсан, 11:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды

09.12.2025

30 0

Фото: «Қазақстан темір жолы» АҚ ҰҚ баспасөз қызметі

«Қазақстан темір жолы» компаниясы жаңа жылдық мереке қарсаңында жолаушыларға 53 мыңнан астам қосымша орын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Жаңа жыл маусымында жолаушылар ағыны айтарлықтай өсетінін ескере отырып, Ұлттық тасымалдаушы сұранысты толық қанағаттандыру мақсатында қосымша пойыздарды іске қосады», деп жазылған хабарламада. 

Қосымша пойыздар келесі бағыттарда қатынайды:

• №201/202 «Алматы-2 – Астана-1»

Алматыдан жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 22, 24, 26, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 2, 4 қаңтар.
Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 21, 23, 25, 27, 29, 31 желтоқсан және 2026 жылғы 3, 5 қаңтар.

• №203/204 «Астана Нұрлы жол – Шымкент»

Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2026 жылғы 2 қаңтар.
Шымкенттен жөнелтілуі: 2025 жылғы 22, 25, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 4 қаңтар.

• №257/258 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол»

Ақтөбеден жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2026 жылғы 2 қаңтар.
Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 22, 24, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 4 қаңтар.

Пойыз құрамында стандартты купе және плацкарт вагондары бар. Сонымен қатар, сұранысы жоғары бағыттарда пойыз құрамдарына 584 қосымша вагон тіркеледі. Осы арқылы жолаушыларға 30 мыңнан астам қосымша орын қолжетімді болады.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан сатып алуға болады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға жаңа жыл қарсаңындағы билеттердің тез сатылып кететінін ескеріп, сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерді ертерек алуға кеңес береді.

Егер сатып алу сәтінде бос орындар болмаса, жолаушылар «Күту парағы» қызметін тегін пайдалана алады. Бұл сервис орын босаған жағдайда автоматты түрде хабарлап, билетті рәсімдеуге мүмкіндік береді. Хабарлама жолаушының жеке кабинеті немесе SMS арқылы жіберіледі. Қызмет сайтта және билет кассаларында пойыз жөнелтілуіне 7 күн қалғанда қолжетімді болады. Билетті 2 сағаттан кеш емес уақытта рәсімдеу керек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: