Бейсенбі, 11 желтоқсан, 18:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда жаппай заңсыз атқарушылық жазбалар рәсімделгені белгілі болды

11.12.2025

42 0

Фото: freepik

Павлодар облысының прокуратурасы нотариустардың атқарушылық жазбаларды рәсімдеу кезінде заңды жаппай бұзғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство атқарушылық жазба – талаптардың даусыз болған жағдайда ғана қолданылатын қарыз өндірудің жеңілдетілген тетігі екенін атап өтті. Оны рәсімдеу үшін борышкер өзінің міндеттемені орындамағанын жазбаша түрде мойындауы қажет, бұл факті нотариуспен куәландырылады.

Алайда тексеріс көрсеткендей, бұл талаптар жүйелі түрде еленбеген.

Талдау барысында облыс аумағында екі нотариустың 20 мыңнан астам атқарушылық жазба жасағаны анықталды.

«Олардың біреуі 15 мыңнан астам жазбаны қандай да бір шартсыз, қарыздың есебінсіз және азаматтардың жазбаша қарыз мойындау хатынсыз рәсімдеген. Мұндай құжаттарды жасау микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктермен сөз байласу арқылы жүзеге асқан»,- делінген ақпаратта.

Нәтижесінде облыс тұрғындары заңсыз ақша өндіру және несие тарихының нашарлауы сияқты жағдайларға тап болды.

Тексеріске сәйкес прокуратура ұсыным енгізіп, нотариустар лицензияларынан айырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: