Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 11:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беру қашан басталатыны белгілі болды

24.12.2022

703 0

Жеңілдетілген автонесиенің револьверлік тетігі 2023 жылдың қаңтарында іске қосылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстан Даму банкінің (ҚДБ) баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұған дейін жеңілдетілген автонесие ағымдағы жылдың қараша айында қайта басталады деп жоспарланған болатын.

Бүгін 2023 жылдан бастап барлық қолданыстағы бағдарламалардың шарттары біркелкі болатыны белгілі болды. Бұл туралы жеңілдетілген автонесие бағдарламаларының операторлары болып табылатын ҚДБ мен Индустриалды даму қоры (IDF) хабарлады.

Сондай-ақ, орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз ету мақсатында алдағы уақытта Қазақстанның Даму банкі ұсынған бағдарлама бойынша бір ғана қаражат операторын қалдыру жоспарлануда.

«Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер қатысып жатқан бағдарламаларда қолданыстағы несиелерді өтеуден алынған төлемдерді жинақтау процесі жүзеге асырылады. Револьверлік механизм негізінде жеңілдетілген несие беруді бастау 2023 жылдың қаңтар айының екінші жартысында күтілуде.

ҚДБ атап өткендей, іске қосу уақытына екі бағдарлама бойынша жинақталған қаражат көлемі шамамен 13 млрд теңгені құрайды, бұл кемінде 1300 жаңа автонесие беруге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта револьверлік әдіспен жинақталған қаражатты бөлу ай сайын жүргізілу жоспарлануда”, – делінген хабарламада.

2022 жылдың мамыр айында Индустрияны дамыту қоры жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 100 млрд теңге бөлді. 2022 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша бұл қаражатқа 14 мыңнан астам несие мақұлданды, оның ішінде 12 500-ден астам жаңа автокөліктер шығарылды. Автонесиенің орташа мөлшері 7,8 млн теңгені құрады.

Айта кетейік, 2015 жылдан бері жеңілдетілген автонесие бағдарламасына Үкімет ҚДБ арқылы 82 млрд теңге бөлген. Айналмалы механизмді қолданудың арқасында осы қаражат есебінен жалпы сомасы 176 млрд теңгені құрайтын 32 мыңнан астам несие берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: