Сейсенбі, 24 желтоқсан, 21:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда жетім балаларды қонақ отбасына қабылдаудың шарты өзгерді

25.08.2022

883 0

Енді Қазақстан территориясында тұрақты тұратын алайда психологиялық дайындықтан өтпеген қазақстандықтар қонақ отбасыға бала қабылдай алмайды. Оқу-ағарту министрі жарлығымен 2022 жылдың 18 тамызынан бастап бірқатар құжаттарға өзгерістер енгізілді, соның ішінде баланы қонақ отбасына беру тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ, баланы қонақ отбасына алуға ниет білдірген адам өзінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына қабылдауға ниет білдірген адамдарды оқытудан өткендігі туралы анықтаманы тапсыруы керек.

Алайда бұл жақын туыстарға қатысты емес.

Айта кететін жайт, қонақ отбасына қабылдау туралы ережелерде жақын туыстардың тізімі бекітілген. Бұл ата-ана, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер кіреді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: