Бүгін, 2025 жылғы 11 қарашада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі қазақстандықтарға жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны алу тәртібі мен қажетті құжаттар тізімін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы — бұл жұмыстан айырылған жағдайда оның себебіне қарамастан мемлекет тарапынан төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем.
Алайда, оны алу үшін мынадай шарттар сақталуға тиіс:
- өтініш беруші ресми түрде жұмыс істеген болуы керек;
- ол үшін кемінде 6 ай бойы әлеуметтік аударымдар жүргізілген болуы қажет;
- азамат ресми түрде жұмыссыз мәртебесін алуы керек.
Мамандардың айтуынша, әлеуметтік төлемге өтінішті бірнеше тәсілмен беруге болады:
- Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы;
- Мансап орталығы арқылы;
- электрондық үкімет порталы (eGov.kz) арқылы;
- «Электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы;
- проактивті форматта;
- екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы.
ХҚКО арқылы өтініш берген жағдайда керек құжаттар:
- өтініш;
- жеке куәлік.
«Қызмет проактивті форматта көрсетілсе, өтініш берушінің келісімі қажет. Сондай-ақ, қызмет көрсетуге келісім беріп, өз банк шотының нөмірін SMS-хабарлама арқылы растауға тиіс», – деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
