Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда жыныстық құлдыққа кімдер түсіп жатыр?

31.07.2023

1745 0

«Сана-сезім» әйелдер бастамалары құқықтық орталығының өкілі жыныстық құлдық пен еңбек құлдығына тап болатын қазақстандықтардың портретін сипаттады, –  деп хабарлайды Massaget.kz.

          ОКҚ брифингінде «Сана-сезім» директоры Шахноза Хасанова қыздар, оның ішінде кәмелетке толмағандар жыныстық құлдыққа жиі түсетінін айтты.

          – Адам саудасынан зардап шеккендер, құрбандар – осал жағдайдағы қыздар. Балалар үйінің түлектері, толық емес отбасылардан шыққан қыздар, отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген қыздар.

          Олар өте осал, сондықтан саудагерлердің немесе қанаушылардың құрығына оңай түседі. Өмірдегі қиын жағдайлардан құтылу, өмір сапасын жақсарту үшін немесе, айталық, қыздар шетелде әдемі өмір сүргісі келеді. Міне, олар осылай алданып қалады, – деп түсіндірді ол.

          Оның айтуынша, еңбек құлдығына қатысты да қалыптасқан портрет бар.

          –  Олар – әдетте  18 бен 50 жас аралығындағы ер адамдар. Шамамен 80 пайызы – өз елдерінде қиын экономикалық жағдайға тап болған немесе ақша тауып қана қоймай, экономикалық жағдайын жақсартқысы келетін шетелдік азаматтар. Сонымен қатар, олардың белгілі бір себептер бар: балаларын оқыту, болашақта жұмысқа орналастыру және т.б, –  деп қорытындылады Хасанова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: