Қазақстанның бүкіл қаласындағы әуежай басшылары шұғыл алғашқы съезд өткізіп, көрсететін қызметіне тарифін көтеруді сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
«13 жыл бұрын бекітілген қызмет құнын ұстап тұру бұдан әрі мүмкін емес» – дейді әуежай басшылары. Мәселен бізде билет құнына 8 доллар әуежай қызметіне қосылса, ал Грузияда 24, Түркия мен Еуропада 25 доллар стратегиялық нысанның қызметін пайдаланғаны үшін билет құнына кіретінін алға тартты. Ал соңғы кездері жанармай құюға аялдайтын ірі шетел тасымалдаушылары да Қазақстанда керосин бағасы қымбаттап кеткеніне шағымдана бастаған. Бұған әуежайлар мен мұнай зауыттары арасындағы делдалдардың білгенін істеуі себеп дейді жиналғандар.
Еліміздегі 12 әуежайдың басшыларының бас ауыртар мәселесі – әуежай қызметі тарифінің төмендігі. Олар меморгандар реттейтін баға 10 жылдан астам көтерілмегенін айтады. Содан бері әуе компаниялары жасап берген ескі ережемен келе жатыр екен. Бұл өз кезегінде саланың дамуына да кері әсерін тигізуде дейді.
“Бұл – жолаушының терминалға өтіп, әуежайдағы барлық қажетін өтейтін тариф. Яғни билет те соған кіреді. Қазір әуе компанияларымен бірлесіп, тарифті кезеңкезеңімен көтеру жүргізілуде. Осы орайда билет бағасы да өсуі мүмкін. Бірақ өзара әуе компаниясы және жолаушылар арасында баяу жүргізіліп таралуы жағын алдыңғы орынға қойып отырмыз”, – дейді «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ президенті Альп Эр Тунга.
Алматы әуежайындағы тағы бір шешімін таппай жүрген мәселе – авиакеросин қымбаттығы. Ұшаққа қажет отынды біздікілер шетелден сатып алуға мәжбүр.
“2022 жылдың шілдесінен бастап авиакеросинді тікелей мұнай өңдеу зауыттарынан емес, импорттық көздерден сатып алып жүрміз. Бұл 2030 пайызға қымбат. Сонымен қатар бағасын өзінше тағы да өсіріп қоятын делдалдар бар. Қазақстан географиялық жағынан Шығыс пен Батысты байланыстыратын ыңғайлы транзиттік алаң. Алайда сырттан әкелінетін жанар-жағармайдың қымбаттығына байланысты бұл мүмкіндікті де пайдалана алмай келеміз”, – дейді «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ басшысы Альп Эр Тунга.
Әуежай басшылары жанар-жағармайды делдалсыз, тікелей сатып алу үшін рұқсат керек дейді. Ол заңнамаға өзгеріс енгізілмейінше, мүмкін емес. Бұдан бөлек, әуежайларда жарымайтын жалақыдан маман тапшы. Ал айлықтың аздығына сол баяғы тариф төмендігі себеп. Бұл бір ғана Алматыдағы түйткіл емес. Аймақтағы әуежай басшыларының да базынасы көп. Балқаш әуежайының басшысы әуе айлақтарының жаз маусында ғана емес, төрт мезгіл бойына халыққа қызмет көрсетуін қалайды.
Мейрамбек Мырзахметов, Балқаш әуежайының басшысы: –
“Әуежайымыз тек күндізгі болғандықтан, тек күн сәулесі жарық кезде жұмыс істей аламыз. Астана әуежайында бұл ұшақ бізге қазір кешкі уақытта 7-ге қарай 19 уақытында келеді. Егер бір жарым сағатқа, екі сағатқа кешігіп қалса, біздің жолаушылар ары қарай ұша алмайды. Ол әрбір әуекомпания берілетін уақыты бар әуежайға қонып, қайта ұшатын. Сол слотты кішкене қысқарту”, –дейді Балқаш әуежайының басшысы Мейрамбек Мырзахметов.
Негізгі мәселенің қатарында әуежай негізгі техникасын жаңартып, жарақтандыру мен барлық терминалын қайта құру бар. Әзірге басты жоспар аталған тарифті біртіндеп көтерту. Бірақ бұған қатысты әуе билеті бағасы қымбаттай ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Өйткені жуырда ғана Мәжілісте ішкі рейстер онсыз да қымбат екендігі көтерілген.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!